• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:42:47
Алматы
+12°
Украина шенеуніктері украин зымырандары Ресейдің "Москва" әскери кемесі Қара теңізде талқандағанын мәлім етті. Ресей Қорғаныс министрлігі "Москва" ауыр зақымданғанын растады. Алайда оған өрт себеп болды деп отыр.
 
Ресей қорғаныс министрлігі сонымен қатар Мариупольде мыңнан астам украин әскері тізе бүккенін, қаланы толық бақылауға алғанын мәлімдеді.
 
Киевтің Қорғаныс министрлігі берілу туралы ешқандай жоқ екенін, украин әскерлері қалада қарсылық танытып жатқанын айтты.
 
АҚШ Украинаға қосымша 800 миллион долларға әскери көмек беретінін жариялады.
 
Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Кәрім Хан Украина территориясын "Ресей қылмыс алаңына айналдырды" деп мәлімдеді.
 
Дереккөз: ВВС
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір