• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 12:23:06
Алматы
+12°

Қарағанды облысы монополияға қарсы департаменті қанттың көтерме саудадағы бағасын қолдан қымбаттатқандарды анықтады.

Аталған жайт 2021 жылғы тамыз-желтоқсан және 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қарағанды облысының шекарасындағы қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізу барысында белгілі болған.

Талдау қорытындысы бойынша "Самади-1", "Адал-Аспан", "Aron KZ" және "ЕрАй-2012" компаниялары қантты көтерме сату бағасын бір уақытта көтеріп, бір уақытта төмендететіні анықталған.

 

"Анықталған бәсекелестікті қорғау саласында бұзушылық белгілерінің негізінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаменті "Самади-1" ЖШС, "Адал-Аспан" ЖШС, "Aron KZ" ЖШС және "ЕрАй-2012" ЖШС атына оларды жою туралы хабарлама енгізді. Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды" делінген таратылған ақпаратта.

 

Департамент монополияға қарсы органның хабарламасын орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, белгіленген орындау мерзімдерін бұзу тергеп-тексеру тағайындауға негіз болатынын мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қант қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір