21 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Getty
Ресей қорғаныс министрлігі құрлықаралық баллистикалық "Сармат" ядролық зымыранынынң сәтті ұшырылғаны туралы видео көрсетті. Видеоны ВВС өз сайтына жариялады.
Әскерилер Ресей президенті Владимир Путинге теледидардан зымыранның солтүстік-батыстағы Плесецктен ұшырылғанын және қиыр шығыстағы Камчатка түбегіндегі нысанаға тигенін айтты.
– Жаңа кешен ең жоғары тактикалық, техникалық сипаттамаларға ие және зымыранға қарсы қорғаныстың барлық заманауи құралдарын еңсеруге қабілетті. Оның әлемде теңдесі жоқ, алдағы уақытта да (теңдесі) болмайды. Бұл бірегей қару – шын мәнінде біздің қарулы күштеріміздің жауынгерлік әлеуетін нығайтады, Ресейдің сыртқы қатерлерден қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етеді және агрессивті риторика қызып тұрған кезде, біздің елімізге қауіп төндіруге тырысатындарды ойландырады, – деді Путин.
Сәрсенбіде Пентагон (АҚШ) Ресей сынақты іске қосу алдында тиісті хабар жолдағанын айтты. Пентагон бұл сынақты "Америка Құрама Штаттарына қауіп төндірмейтін әдеттегі сынақ" деп санайтынын жеткізді.
АҚШ Конгресі зерттеу қызметінің хабарлауынша, Ресей әрбір зымыранға 10 немесе одан да көп оқтұмсық бар Сарматты орналастырады деп күтілуде.
Зымыран бірнеше жылдар бойы дамытылып келеді, сондықтан оның сынақтан өтуі батыс үшін күтпеген жағдай емес, дегенмен бұл жолғы сынақ Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты төтенше геосаяси шиеленіс сәтінде болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір