25 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Reuters
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин америкалық делегацияның Киевке сапарынан соң мәлімдеме жасады, деп хабарлады Reuters.
Остин Украинадағы шайқастың сипаты өзгергенін, сондықтан Киевке ұзақ қашықтықтағы қарулар және танктер қажет екенін айтады. Оның сөзінше, АҚШ Украинадан алыста жатқандықтан ол жаққа жеткізілген қару-жарақтардың жағдайы қалай болатынын оғанмқадағалау қиын. Бірақ ол қару-жарақ мүмкіндігінше жақсы қадағаланатынына көз жеткізу үшін украиндермен сөйлескенін жеткізді.
"Жеңіске жетудің бірінші қадамы – жеңе алатыныңа сену. Біз жеңе алатынымызға сенеміз, оларда дұрыс құрал-жабдықтар, дұрыс қолдау болса, жеңіске жетеді" дейді ол.
Пентагон басшысы Зеленскийдің АҚШ көмегіне риза болғанын, бірақ табысты болу үшін одан әрі не қажет екеніне назар аударатынын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір