Көрнекі сурет/krisha.kz
2022 жылғы 18 мамырдан тұрғын-үй алуға арналған "Алматы Жастары" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы қабылданады. Сайтта авторизациялау электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.
Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
- Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- Бастапқы жарна – 10%;
- Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
- Қамту – 1000 адам.
- Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін
Қатысу үшін негізгі талаптар:
- Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), болуы керек. Бұ жерде жұбайының (зайыбының) жасы маңызды емес. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы керек.
- Қатысушының Алматы қаласында белгіленген санаттар бойынша кем дегенде 6 ай міндетті зейнетақы мөлшерлемесі және ресми жұмыс өтілі болуы керек. Белгіленген санаттар қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистика, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары салалары бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір