13 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгені туралы ақпарат шықты.
Түрлі telegram арналарда таралып жатқан ақпаратқа байланысты ресми орындар әзірге пікір білдірген жоқ.
Таяуда Күдебаевтың құзырлы органнан кеткені ресми расталған. Ол 26 қаңтарда Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымынан кеткен. Содан бері Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқаны жайлы әңгіме ауық-ауық әр жерде қылаң беріп жүрді.
Генерал Күдебаев 1990 жылдардан бері құзырлы органдарда қызмет етіп келген. Соңғы жылдары Алматы қаласы мен Алматы облысының полиция департаменттерін басқарған. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған оны экс-президент Н.Назарбаевтың кланына жатқызатындар бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір