• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:14:52
Алматы
+7°

Саясаткер, кәсіпкер Болат Әбілов Bizdin Tandau деген атпен саяси партия құратыны туралы жариялады.

"Біз ешқандай да  саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер болып жатпағанын қайталауға мәжбүрміз. Сондықтан саяси партия құратынымызды мәлім етеміз. Бұл – біздің таңдау. Демократияны, еркіндікті, әділетті таңдауымыз" деді Әбілов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, партияның негізгі миссияларының бірі – суперпрезиденттік жүйеден парламенттік жүйеге өту үшін конституцияға өзгеріс енгізу

"Қазіргі уақытта суперпрезиденттік жүйе сол күйі қалып отыр. Сондықтан конституцияға өзгеріс енгізуді басты шарттарымыздың бірі ретінде таңдап отырмыз. Парламеттік басқару формасына өту – біздің басты мақсатымыз бен миссиямыз" деді ол.

Дереккез: Бессимптомно telegram каналы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір