• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:35:17
Алматы
+7°
ҚР президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың жарлығымен 5 маусым күні еліміздің конститутциясына өзгеріс енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. ШҚО ӨКҚ алаңында конституциялық реформаларды түсіндіру, ұйымдастыру жұмысына қатысу мәселелері облыстық штаб құрылып, мақсатміндеттерін баспасөз көнференциясында Шығыс Қазақстан облыстық штабтың мүшелері Олег Чернышов пен Элеонора Столярова түсіндіріп өтті.
 
шщж
 
Президенттің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылады. Бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетпек. Саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру - Президенттің биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты осы.
 
Демократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін әрине алдымен Ата заңға өзгерістер енгізу қажет. Осы ретте Президенттің тапсырмасымен құрамына белгілі заңгерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар енген арнайы жұмыс тобы құрылып, конституциялық өзгерістердің жобасы әзірленді. ШҚО-да Конституциялық реформаларды түсіндіру, ұйымдастыру  қоғамдық тобы құрылып, құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар мен ардагерлер қауымдастығы, этномәдени орталықтардың жетекшілері кірді. Штабтың жұмысы жайлы Олег Чернышов өз ойын былайша сабақтады.
 
– Біз – Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабына топтастық. Біздің қатарымыз еліміздің ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штабымыз құрылды, себебі біз ұсынылған конституциялық өзгерістердің бағыттарын толық қолдаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екеніне нық сенімдіміз. Сондықтан да біз мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз, – деді Шығыс Қазақстан облыстық штабтың мүшесі Олег мырза.
 
Сонымен қатар штаб мүшелері барша қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, республикалық референдумда дауыс беруге, қатысуға шақырды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір