• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:48:24
Алматы
+8°

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пандемия кезінде бюджеттен қанша қаржы жұмсалғаны туралы айтып берді.  2020 жылы мемлекеттік қазынадан коронавирусқа қарсы күрес үшін 252 млрд теңге бөлінген. 

– Бұл қаражаттың 28 млрд теңгесі дәрі-дәрмек пен медициналық техника сатып алуға жұмсалған. 197 млрд теңге дәрігерлер мен СЭС қызметкерлерінің еңбекақысын, үстемеақысын, іс-сапар шығындарын төлеуге жұмсалды. Сонымен бірге 20 млрд теңге медициналық сақтандыру қоры арқылы халыққа көрсететін медициналық көмек ақысы төленді. Соның ішінде 5 млрд теңге Дүниежүзілік банк арқылы жасанды тыныс алу апараттарын сатып алуға жұмсалды, –  деді министр. 

Оның айтуынша, аталған салаға 2021 жылы бюджеттен 556 млрд теңге бөлінген. 

– Былтыр коронавирустың 3 толқыны болды. Жыл бойына коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізілді. Вакцина мен ине сатып алуға және түрлі зертханалық зерттеулерге 97 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ дәрігерлердің еңбекақысы мен үстемақысына, іс-сапар шығындарына 413 млрд теңге, ал медициналық сақтандыру қорынан қызмет ақысына 40 млрд теңге төленді, – деді Ажар Ғиният. 

Ал биыл бюджеттен денсаулық сақтау саласына 86 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері  9 млрд теңге Vero Cell мен QazVac екпелерін алуға жұмсалса, 20 млрд теңге былтыр сатып алынған Pfizer ақысын төлеуге арналған.

– Осылайша пандемия кезінде бюджеттен жалпы саны 894 млрд теңге бөлінді, –  деп сөзін қорытындылады министр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір