19 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды "балалар жылы" деп жариялау туралы Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар бірлескен іс-шара өткізді. Өскемен қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінде жас құтқарушылар мен қаланың өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында жарыс өтті.
Балалар қауіпсіздігі – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі. Демалыстарды оқыс оқиғасыз өткізу үшін ШҚО құтқарушылары балаларды төтенше жағдайларда өзін ұстау ережелеріне дайындап, үйретеді.
– Бүгінгі құтқарушылар мен өрт сөндірушілер турнирі Қазақстандағы бала жылы қарсаңында өтіп отыр. Осы іс-шара арқылы біз баланың қауіпсіздігі мәселесі әрқашан ата-аналар мен қоғам, билік өкілдері үшін бірінші кезекте тұруы тиіс екеніне назар аударғымыз келеді, – дейді ШҚО білім басқармас "Дарын" орталығы директорының орынбасары Елена Шимина.
Жарысқа 150-ден астам оқушы қатысты. Балалар шартты өртті сөндіре отырып, кедергілер жолағынан өту, алғашқы медициналық көмекті сауатты көрсету, қауіпсіздік плакатын әзірлеу және қолдан бұйымдар жасау сияқты тапсырмалар берілді.
– Балалар жасағының жарыстары 15 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді, бірақ 2022 жыл балалар жылы деп жарияланғандықтан биылғы іс-шара ерекше сипатқа ие. Іс-шараға балалардың көптеп қатысқаны қуантады, өйткені іс-шара ерте жастан бастап әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды көздейді, – деп атап өтті ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
Кедергілерден өту бойынша № 4 орта мектептің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Ал № 42 мектептің балалары алғашқы көмек көрсетуде өздерін жақсы білімдерін таныта білді. Қазылар алқасы № 35 мектеп оқушыларын ең ерекше қолөнерге лайық деп тапты. Ал өрт сөндірушілердің жұмысын әзілмен көрсеткен № 29 мектептің визит карточкасы үздік деп танылды.
– Бүгін алған білімім болашақта қажетіме қарап қалуы мүмкін. Мысалы, мен суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесуге болатынын немесе бірдеңе жанып тұрса, өртті қалай сөндіруге болатынын білемін, – дейді жарысқа қатысушы Базил Али.
Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды №20 мектептің құрама командасы, екінші орынды № 3 мектептің командасы, үшінші орынды № 22 мектептің командасы иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар және кубоктар табысталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір