• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

01 Шілде, 22:52:58
Алматы
+23°

Нұр-Сұлтан қаласында 3 жасар қызды құтқаруға тағы бір жігіт атсалысқаны белгілі болды. Бұған дейін 8 қабаттан құлай жаздаған қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев терезе жабылып кетпеуі үшін оны ұстап тұрған үшінші адам болғанын айтқан еді.

Батыр есімді блогер үшінші жігітті тапқан. Блогер оның есімі Нұрайдын, 2003 жылғы студент Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы екенін айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Батырдың парақшасы? (@batyr_bloger)

"Астанада ағасының үйінде тұрады. Қазір Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде екінші курста оқиды. Дәл сол күні ол сессияға асығып бара жатқан. Бірақ сол сәтте Сағидың қасында терезені тіреп тұрған осы Нұрайдын болған екен. Сағи өзі де соңғы видеода қасымызда тағы бір жігіт болған дейді. Таптық. Қарапайым жігіт. Студент. Өзім түсемін деген жоқ. Өзім түсірейін дедім. Осындай жігіттерді ел біліп жүрсін дедім. Ата-анасы да қуанып жүрсін. Жарайсың Нұрайдын. Бұл жігітке медаль ешнәрсе керек емес! Ерекше құрметтің де керегі жоқ! Тек ел білсін деп көрсеттім", деп жазған блогер өзінің Instagram парақшасына. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір