• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:51:55
Алматы
+12°

Қазақстан аумағынан 700 мың долларға жуық қаражатты заңсыз түрде шығарып алмақ болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

"2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 мың АҚШ долларына тең келетін қолма-қол ақша қаражатын заңсыз өткізудің 40 фактісі анықталды. Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 мың АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған. Барлық орын алған жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелді" делінген хабарламада. 

Барлық тұлғалар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің" 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір