• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:01:30
Алматы
+12°
 
Пандемия жылдары елдегі туу көрсеткіші айтарлықтай жоғарылады. 2020 жылы ел бойынша 426,8 мың сәби дүниеге келсе, 2021 жылы 446,5 мың нәресте туған. Бұл туралы Energyprom.kz. сайты хабарлап отыр.
 
2021 жылы туу коэффиценті (23,5) рекордтық көрсеткішке жетіп, 10 мың қазақстандыққа 235 сәбиден келген. Жиырма жыл бұрын 10 мың тұрғынға 149 баладан айналатын.

Орташа есеппен елде бір әйелге 3 баладан келеді. Бұл жағдай тек соңғы екі жылда тіркеліп отыр. Айталық 1999 жылы орташа есеппен екінші баланың өзі әр отбасыда бола бермейтін.

Нәрестелердің 28 пайызы көпбалалы отбасыларда дүниеге келген. 95 бала он және одан да көп баласы бар отбасыда туған.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 18 миллион 962 мың 892 адамға жеткен. Аймақтар арасында халық саны жөнінен бірінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тіркелген. Екінші орындағы Түркістан облысында 2 миллион 52 мың 484 адам, үшінші сатыдағы Алматыда 1 миллион 993 мың 67 адам бар. 4-орында Қарағанды облысы (1 млн 376 мың 101), 5-орында ШҚО (1 млн 362 мың 583) тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір