24 Мамыр, 2022 Әлем
Фото: bbc.com
Ресей соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жаза мерзімін қатаң режимдегі түзеу колониясына ауыстыру шешіміне түсірген опеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ресей соты Путиннің басты оппонентін "алаяқтық жасады" және "сотқа құрметсіздік көрсетті" деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айрылған. Жақын арада оны қатаң режимдегі колонияға ауыстыратын болады. Бүгінге дейін Навальный жалпы режимдегі колонияда болған.
Навальныйдың өзі сотқа видео арқылы онлайн режимде қатысты. Оппозиционер жақтастары видеобайланыс сапасы өте нашар болғанын айтады.
"Мен қазір жалпы режимдегі колониядамын. Үш айдың ішінде бір-ақ рет жақындарыммен кездесуге мүмкіндігім бар. Егер сот үкімі өзгеріссіз қалса, мені қатаң режимдегі колонияға ауыстырады. Ал ол жақта қандай шарттар болатынын ешкім білмейді. Негізі, мен СИЗО-да отыруым керек. Бірақ мен жалпы режимдегі колониядамын. Менің жақындарыммен кездесуге құқығым бар. Қатаң режимдегі колонияда кездесу саны мүлдем аз болатыны белгілі", деді оппозиционер сот отырысында.
22 наурызда Мәскеудің Лефортово соты Навальныйды тоғыз жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және 1,2 миллион рубль айыппұл төлеу туралы үкім шығарған.
Құқыққорғаушылар оппозициялық саясаткерге тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір