• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:19:51
Алматы
+12°

Жазушы, "Араша", "Кеш қалмаңыз" кітаптарының авторы Торғын Жолдасбекқызы бақиға аттанды.

Жазушы анасынан жас қалған. 25 жасында әпкесі екеуі анадан қызға берілетін өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Ұзамай Толқын мүгедек арбасына таңылған. Ал әпкесінің дерті асқынып дүние салған.

Торғын әңгіме жазуды 29 жасында бастаған. Әңгімелерін әуелі әлеуметтік желіге жариялап, тұрақты оқырманы қалыптасқан соң шығармаларын кітап етіп шығарған.

Былтыр ВІ GROUP компаниясы ұйымдастырған "Қазақстанның лайықты азаматы" жарысында қос жеңімпаздың бірі атанып, компания салған тұрғын-үй кешендерінің бірінен баспана ұтып алған.

Алайда жазушы өз үйінде бір жыл ғана тұрып үлгерді. 18 сәуірде  37 жасқа толған еді. Артында кішкентай қызы қалды.

Қамшы порталының редакциясы Торғын Жолдасбекқызының қайғыларына ортақтасып жақындарына көңіл айтады.

Төменде жазушының Қамшыға берген қос сұхбаты ұсынылған:

♦ Торғын Жолдасбекқызы: Адам арбада отырса да мүмкіндігі шектелмейді

♦ "Кеш қалманы" тірі қалу үшін жаздым". Жазушы Торғынның екінші кітабы шықты

  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір