30 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: sputnik.kz/
Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин мәлім етті.
– Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін 5 жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі. Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады, – деді Қайыржан Бимолдин.
Бимолдин зейнетақыны көтеру "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 4-бабының 4-тармағында да қарастырылғанын, өсудің нормаларын немесе арналған республикалық бюджет бекітетінін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір