• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:47:01
Алматы
+12°
Жылдам оқу бойынша ұстаз, брейн-тренер Кәусария Сағадатқызы педагогтың білігі оның қызметтік тәжірибесімен өлшенбеуі керек деп санайды. Бұл туралы ол журналист Жазира Байдалыға берген сұхбатында айтты.
 
"30 жыл ұстаздық еткен мұғалім балаларды қалай жылдам оқытуды білмеуі мүмкін. Бұл жерде бірінші кезекте техниканы білу керек. Екіншіден, ол техниканы өмірде енгізу, енгізген соң пайда болатын тәжірибе маңызды. Тәжірибе дегеніміз – белгілі бір білімді білу және оны өмірге енгізу. Егер ол тұрақты түрде нәтиже беретін болса, ол – тәжірибе. Одан асқан тәжірибе қажет емес. 30 жылдық тәжірибе деген – тәжірибе емес. Шын мәнінде, ол – 30 жыл. Отыз жыл жүріп мектептегі бір нәрсені өзгертпесе, оны мен тәжірибелі мұғалім деп мойындамаймын. Сондықтан ұстаздық жасқа емес, басқа қарайды", дейді Кәусария Сағадатқызы сұхбатта.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір