• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:30:24
Алматы
+35°

Өткен аптада қызметінен босаған Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне ректор болып тағайындалды.

Тиісті ақпарат оқу орнының ресми сайтында жарияланды.

Марат Едігеұлы Шоранов 1975 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын, АҚШ-тағы Rollins School of Public Health (Emory University) денсаулық сақта мектебінің магистратурасын бітірген.

Әр жылдары Урология ғылыми орталығында, радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ-да , Денсаулық сақтау министрлігінде, ШҚО, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қызмет еткен.

2022 жылдың маусымына дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Марат Шоранов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір