13 Маусым, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Лицензиялық міндеттемелер шеңберінде мобильдік операторлар 250 елді мекендердің интернетпен қамтамасыз етуі тиіс. ШҚО-да цифрландыруды дамыту қарқынды жүруде. 2022 жылы-116, 2023 жылы-49, 2024 жылы-17 ауылда ғаламтор болмақ.
ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметіне сүйенсек, атқарылған жұмыстарға жүргізілген талдау қорытындылары бойынша операторлар 2021 жылы, 68 ауылдық елді мекеннің тек 27-де ғана интернет желісінің жылдамдығы жақсарғаны анықталды. Ұялы байланыс операторлары сапасыз қызмет көрсеткені үшін 10 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі. Осы көрсеткіштерді ескере отырып, облыс әкімінің өкімімен интернет желісі сапасының мониторингі бойынша жұмыс тобы бекітілді. Құрамына қоғамдық ұйымдар мен операторлардың өкілдері кіретін осы топты тексеру қорытындылары бойынша актілер жасалып, телекоммуникациялар комитетіне байланыс операторларына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілді.
Ағымдағы жылы 41 антенналық-мачталық құрылысы бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазірдің өзінде жер телімдері бөлінді, құрылысқа жобалау сметалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. «Облыста халқының саны 250 адамнан кем 103 ауылдық елді мекендер мобильді интернетпен қамтамасыз етілмеген және байланыс сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаға кірмеген. "Востоктелеком" ЖШС цифрлық даму министрлігі алдындағы лицензиялық міндеттемелер шеңберінде 103 елді мекендердің 45-і ғаламтормен қамтамасыз етілетін болады. Қалған 58 елді мекен бойынша ұсыныстар үшін цифрлық даму министрлігіне және байланыс операторларына хаттар жолданды.
Интернет желісінің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін, ғаламтор желісінің сапасын мониторингілеу кейсі әзірленді. Жауапты мамандар ай сайын Speed test мобильді қосымшасының көмегімен Интернет желісінің жылдамдығын өлшейді, бұл деректер әзірленген сервиске енгізіледі және "жылу" картасында көрнекі түрде көрсетіледі. Облыстың экономикалық даму салаларын цифрландыру бойынша оң динамика байқалады.
ҚР цифрлық даму министрлігінің есептеу әдістемесіне сәйкес "ақылды "қалалар бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу критериі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қорытынды бағасы 2021 жылы 18,4 балды (ықтимал 20 балдан) құрады, бұл 2020 жылғы кезеңнен 3,2 балға (15,2) жоғары, 2019 жылғы көрсеткіштен 2 есе жоғары. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұялы операторлардың міндеттемелерінен тыс қалған 250+ халқы бар 68 елді мекендердің байланыс сапасын жақсартуға өтініш жіберілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір