• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:07:27
Алматы
+12°

Адам құқықтары және заң үстемдігі жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюро, Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры және Норвегиялық Хельсинки комитеті "Қазақстан билігі оппозиция қайраткері Жанболат Мамайды бейбіт саяси қызметі үшін қудалауды тоқтатуы керек" деген мәлімдедеме жасады. Мәлімдеме мәтіні Адам құқықтары және заң үстемдігі жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюро сайтында жарияланды.

Мәлімдемеге сай, аталған ұйымдар Мамайға тағылған бірқатар қылмыстық айыптарды алып тастауды және оны дереу босатуды талап еткен. Олар Мамайға тағылған айыптар мен оның партиясына жасалып жатқан қысым президент жариялаған саяси реформа туралы күн тәртібіне нұқсан келтіретінін айтып, азаматтардың заңды оппозициялық қызметін еркін жүргізуіне мүмкіндік бермейінше, нақты демократиялық өзгерістер болмайтынын атап өткен.

 

– Мамайға қарсы қозғалған қылмыстық істердің сипаты мен мән-жәйы оның оппозициялық әрекеті мен билікті сынағаны үшін кек алу мақсатында қозғалғанын анық көрсетеді. Бейбіт түрде оппозициялық көзқарасын білдіргеннің және өзгерістер үшін үгіт-насихат жүргізгеннің  қылмыс боларлықтай ештеңесі жоқ – билік оны бұл үшін жазаламауы керек, керісінше оның Қазақстандағы әлеуметтік әділеттілік пен демократиялық басқаруды жақсарту жолындағы күш-жігерін құрметтеп, қолдап, құптауы керек, – дейді Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) директоры Бриджит Дюфур.

 

Мамайға тағылған жаңа айыптар Қылмыстық кодекстің «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға» (272-баптың 1-бабы) және «Қасақана жалған ақпарат таратуға» (274-баптың 4-тармағы) тыйым салатын нормаларына негізделген. Мамайдың кінәсі дәлелденсе, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тек бірінші қылмыс үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

– Билік 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаны маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіру мақсатында негізгі бостандықтарын бейбіт түрде пайдаланған Мамай сияқты ыңғайсыз адамдарды нысанаға алу үшін сылтау ретінде пайдаланбауы керек. Керісінше, олар осы қайғылы оқиғалар кезінде зорлық-зомбылық көріп, адами құқықтары бұзылған  құрбандар үшін әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге баса назар аударуы керек, – деді Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының (KIBHR) директоры Евгений Жовтис.

 

Бюро таратқан мәлімдемеде, Мамайдан басқа бірқатар оппозиция өкілдері, азаматтық қоғам және құқық қорғаушылар заңды азаматтық белсенділігі үшін, кек алу мақсатында, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға қатысты айыпталып отырғаны айтылады.

 

– 2022 жылғы қаңтардағы оқиға халықтың заңды талаптарын елемеу қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Билік халықтың сыни үнін тұншықтырудың орнына, Қазақстандағы қазіргі  қиындықтарды азаматтық қоғаммен және саяси оппозициямен біріге отырып, шешуге тырысуы керек, – деді Норвегиялық Хельсинки комитетінің (NHC) Бас хатшысы Берит Линдеман.

 

Оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда отыр. Ол алдымен қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған.  2022 жылғы 10 маусымда уақытша қамау мерзімі 2022 жылғы 9 шілдеге дейін ұзартылған. Оған  "қарабет" дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты "жалған ақпарат" таратты деген айып тағылған. Жақында ғана Жанболат Мамайға қылмыстық кодекстің тағы бабы – 272-баптың 1-тармағы (жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру) және 274-баптың 4-тармағы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылғаны белггілі болды. Жанболат Мамайдың жақтастары мен адам құқығы саласындағы беделді халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International ұйымдары белсендіні қудалаудың саяси астары бар екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір