21 Маусым, 2022 Әлем
Фото: currenttime.tv
2021 жылы Бейбітшілік сыйлығын алған "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов өзінің Нобель төсбелгісін 103,5 млн долларға сатты, деп жазады currenttime.tv сайты.
Аталған аукцион АҚШ-тағы Heritage үйінде өткен. Журналист қаражатты түгелдей Ресейдің шабуылынан зардап шеккен украиндық босқындар мен олардың отбасылары үшін ЮНИСЕФ-тің халықаралық көмек қорына беретінін айтты.
Нобель төсбелгісін сатып алған адамның аты-жөні аталмады.
Дмитрий Муратов "демократия мен бейбітшіліктің алғышарты ретінде танылған сөз бостандығын сақтаудағы күш-жігері үшін" 2021 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір