• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:29:39
Алматы
+12°

Ресейлік әртіс, "Ласковый май" тобының экс-солисі Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік Лента.ру сайты хабарлады.

Әнші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болғаны, қазаға инфарк себеп болғаны хабарланды.

Юрий Шатунов 1973 жылы Башкир АКСР-де дүниеге келген. 3 жасында ата-анасы ажырасып, 11 жасында шешесі қайтыс болған. Әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Сол жақта Сейгей Кузнецовпен танысып, екеуінің таныстығы "Ласковый май" тобының құрылуына ұласқан.
Әншінің әндері бұрынғы Кеңес одағы елдерінің көпшілігіне кеңінен тараған. Оның хит әндері қатарында "Белые розы", "Лето", "Седая ночь", "Пусть будет ночь", "Тающий снег" секілді туындылар бар. Олардың барлығы 1986-1988 жылдары жазылған.

1991 жылы Шатунов топты тастап, жеке шығармашылығымен айналысқан. 30 жылдан астам уақыт музыкалық директор Андрей Разинмен өзінің хит әндерін орындау құқығы үшін соттасып, 2022 жылы жеңіп шыққан.

Әртіс өмірінің соңына дейін өнермен айналысып, 2019 жылы "Любимые песни" атты альбом, 2022 жылы "Спасибо Тебе", "Остановиться не могу", "Заметает листья снег" әндерін шығарған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Юрий Шатунов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір