• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 15:57:08
Алматы
+12°
Қазгидромет елдің көптеген өңірлерінде жұмаға дауылды ескерту жариялады.
 
Алматы облысында түнде таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
 
Жетісу облысында түнде оңтүстігінде, күндіз шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында 36 градус қатты ыстық сақталады.

24 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болатын шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, батыстан, солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 35-37 градус ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус ыстық болуы мүмкін.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 24 маусымда Абай облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр. 24-25 маусымда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с болады деген болжам бар. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Күндіз Павлодар облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. 24 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, 25-27 маусымда басым бөлігінде 40-42 градус ыстық болады. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дауылдық ескерту

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір