30 Маусым, 2022 NEWS
Фото: kazakh-zerno.net
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
"Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді жария ету облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысуымен өтті" делінген Антикор мәлімдемесінде.
Димаш Таласбаевке сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір