• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:55:28
Алматы
+12°

09 Қаңтар, 2014 Саясат

Дәурен Қуат: Менің басымдағы жағдай қорқаулардың пайда болғанын білдіреді

Осы аптаның басы даумен басталды. Яғни ескі жылдағы егес жаңа жылға жаңа сипат ала келген сияқты. Нақтырақ айтсақ белгілі журналист, Abai.kz ақпараттық...

c79fada7ed21d2cc588e99ed98dbd0c0Осы аптаның басы даумен басталды. Яғни ескі жылдағы егес жаңа жылға жаңа сипат ала келген сияқты. Нақтырақ айтсақ белгілі журналист, Abai.kz ақпараттық порталының Бас редакторы Дәурен Қуатқа kazaitys.kz сайтының атынан қатаң түрде ескерту жасалған. Яғни kazaitys.kz сайты айтысудан жалықса керек, бірден қоқан-лоққы жасауға көшіпті. Мәселен өздерінің сайттарынан жолданған хатта «қыздарың ертең зинақорлық жолға түседі» деп ауыз батып айтуға болмайтын сөздер жазған. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Дәурен Қуаттың facebook әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне назар аударсақ. Аталған мәлімдемеде журналист «Мақала мен хатта маған, менің отбасыма, бала-шағама сес көрсеткен сөздер жазылған. Мақала авторы бәрін былай қойып менің құлындарым – қыздарым ертең зинақорлық жолға түседі дегендей адам аузы бармайтын тұспалдар жазыпты» дейді.

Хош, сонымен kazaitys.kz сайтының дәл бұлай Abai.kz ақпараттық порталымен өштесуіне себеп болды? Естеріңізде болса таяуда ғана Abai.kz-те «Мұртынан айырылып, сақалы ғана қалған айтыстан неге мән кетті?» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Аталған мақалада «Нұр Отанның» қолдауымен, Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековтың мұрындық болуымен өткізілген айтыс сын садағына ілінген-ді. Міне сол мақаланың авторы белгісіз болса да kazaitys.kz сайты «Мұны Дәурен Қуат жазды» деп жазған еді. Әйтсе де аталған жағдай бас жарып, көз шығаруға себеп болмауы тиіс болатын. Бір қызығы kazaitys.kz сайтының Бас редакторы Ұларбек Нұрғалым «бұл мәселеге қатысымыз жоқ» деп мәлімдеме жасаған жоқ. Демек бес уақыт намазын қаза қылмайтын тақуа журналистің бұл іске тікелей қатысы болуы әбден мүмкін. Бұлай деуімізге тағы бір себеп, Ұларбек Нұрғалыммен сөйлесіп осы мәселеның анық-қанығын білмек болғанбыз. Әйтсе де оның екі бірдей телефон нөмірі сөндіруілі болып шықты. Сондықтан да Abai.kz ақпараттық порталының Бас редакторы Дәурен Қуатпен сөйлестік.

– Күні кеше өзіңіздің атыңызға «Қазайтыс.кз» сайтының атынан қоқан-лоққыға толы хат келген болатын. Қазір жағдай қалай өрбуде? – Шынымды айтсам, менің жұрттан құпия қылатын жеке өмірім жоқ. Менің өмірім барша жұртқа жария екенін екінің бірі біледі. Өйткені мен – зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқан азаматпын. Мен және нақтырақ айтсам Қоғамдық қордың басшысы ретінде азды-көпті табысына тұрақты түрде салық төлейтін сайттың Бас редакторымын. Қоғамда сенің бойыңнан айтарлықтай мін таппағаннан кейін өсек іздейтін осал адамдар бар. Міне, сондай жағдайды «Қазайтыс.кз» сайтының жетекшілері жасаған екен. Мәселен, олар ауылдағы әке-шешем мен туыстарымның «трагедиялы өмірі бар екен» деп болмайтын нәрселер жазған. Менің әкем адал еңбегімен мал бағып, бала шағасын асыраған қария. Ендеше, ақасақалмен алысатын «Қазайтыстың» қандай қақысы бар? Жарайды, жазған мақалаларымды сынасын, пікір айтсын, жерден алып, жерге салсын. Оған дауым жоқ. Ал жеке басыма, отбасыма қоқан-лоққы жасайтындай мен бала-шағаммен бірге кімнің егіндігіне түсіппін? Иә, пенде шындық пен ақиқаттың шыңына жеттім деп айта алмас. Дейтұрғанмен, өзім жазған мақалаларымда көзбен көріп, байқаған фактілерімді, түйген ойым мен азаматтық пікірімді жасырып қалмаймын. Қазіргі менің басымдағы жағдай кез келген адамға қауіп төндіретін жауыз, қорқау топтардың пайда болғанын білдіреді. Айталық, мен сөз ұстаған адам ретінде осы мәселені жариялап жазып жатырмын. Сондықтан әр азаматқа құқай көрсететін, жеке өміріне қол сұғатын сұрқылтайларды Қазақ елі заң бойынша тоқтату қажет. Өйткені, бұл бір менің ғана мәселем емес, ертең күні олар кез келген қазақ отбасына қауіп төндіреді. Сөйтіп қоғамды үрейлендіріп отыруды көздейді. Бізге қорқыныштың «құшағындағы» қоғам керек пе, әлде еркін ой, азат әрекетті ту ғып ұстайтын тәуелсіз мемлекет қажет пе? – Кешелі бері «Қазайтыс» сайтының Бас редакторы Ұларбек Нұрғалым «Дәурен Қуатқа біз хат жазған жоқпыз» деп мәлімдемеді. Соған қарағанда хатты «Қазайтыс.кз» сайты жазған болды ғой... – Әрине. Біріншіден, бұл хат www.kazaitys.kz сайтының ресми веб-жәшігінен келді. Екіншіден, facebook әлеуметтік желісінен [email protected] дегеннен арнайы хат келіп отыр. Демек олар өздерінің маған хат жазғанын жақсы біледі. Үшіншіден, аталған сайттан бір жігіт хабарласып, менің жеке электрондық почтама хат жібергендері туралы айтты. Ал сонша алаулатып, жалаулатып, жар салған хаттары не екен деп қарасам, адамның жүрегі айнитын жиіркенішті «өсек жазба» екен. Сондағы әңгімелерінің әуені «құртып жіберемінге» саяды. Құдай-ау, біздің білгенімізде солар ауызында «Алласы» бар жігіттер болатын. Сөйте тұра (естуімше Ұларбек Нұрғалым деген жігіт бес уақыт намазын қаза қылмайтын тақуа көрінеді) менің кішкентай қыздарымның болашағына пал ашып, теріс жолға түсетініне болжам жасапты. Мұндай діндарлардан не күтуге болады? Мысалы мен «4-5 тоқалы бар азаматтардың қыздары ертең бойжеткенде басқалардың тоқалы болады» деп ауызыма келгенді айтып отырсам, адамдығымнан не қалады? – Бұл хатты «Қазайтыс.кз» сайтының Бас редакторы Ұларбек Нұрғалым ғана жазбаған болуы керек. Ендеше, неге «Қазайтыс.кз» сайтының негізгі қожайындарына хабарласпадыңыз? – Әрине, хабарластым. Айтысқа қатысты болғандықтықтан, айтысты ұйымдастырған Бекболат ағама жасым кіші болғандықтан бірнеше рет телефон шалдым. Өкінішке қарай қалтафоны сөндірулі болды. Байқаймын, Бекеңмен ортамызға от салатын адамдар көп сияқты. Әйтпесе, Бекболат туралы «Абай.кз» ақпараттық порталында бірде бір сын мақала жоқ. Айналайын-оу, «Сен Бекболат Тілеуханды уахабист, елдің жауы деп жазыпсың, мақалаң міне» десе жауапкершіліктен жалтарып, қайтпекпін? Мүмкін, интернет-форумда оған қарсы жазылған пікірлер көп болған шығар. Өздеріңіз білесіздер, біздің порталда жарық көрген мақалалар әртүрлі оқырмандар тарапынан қызу талқыланады. Әсіресе, дін тақырыбы. Тіпті, бір мақаланың астына жазылатын пікірлер саны бірнеше жүзге де жетеді. Ал соның бәрін бақылап, тазалап отыру деген мүмкін емес дүние. Сөздің кезегі келген соң айта кетейінші, пікірлерді сүзіп отыру мүмкін еместігін сол «ҚазАйтыстың» қанаттасы - «Намыс.кз» сайтының редакторы Бекен Қайраттың өзі де мойындаған. Шындығын айтқанда, менің Бекболатқа, Бекболаттың маған жаулығы жоқ деп ойлаймын. Бекеңе телефон шалғаным да сондықтан болатын. – Бұл мәселе осымен аяқтала ма? Жоқ әлде соңына дейін ақ-қарасын анықтайсыз ба? – Қазір менің бала-шағам мектеп жасында. Мен үшін олардың амандығынан артық міндет жоқ. Сондықтан да бұл істі аяқсыз қалдырмаймын. Елімізде азаматтардың құқығын, ар-намысын, амандығын қорғайтын Прокуратура, ҰҚК бар емес пе? Соларға жүгінемін. – Жайшылықта аталған сайт «Бізге тыныштық керек. Сондықтан да билікке қарсы шықпау керек» деген позиция ұстанады ғой. Алайда ел азаматтарының өміріне қауіп төндірсе олардың тыныштықты сақтау керек деген сөзі бекер болып шықпай ма? – Дұрыс айтасың. Өйткені біздің жағдаймызда жау жаулығын үндемей жасайды. Қазірге олар үшін халықты топтастырып алу маңызды. «Ешкімге залалы жоқ, Құдайдың құлақ кесті құлдары» басқаны білмесе де, дәл осы тірлікті қатырады... Оның зардабын кейін көреміз. «Дос жылатып айтады». «Абай.кз»-тің ұстанымы осы. Өзінің мемлекетіне жаны ашитын кез келген азамат елдегі келеңсіздікті барынша жасырмай жеткізу керек. Жақсыны жақсы, жаманды жаман деу қазақ баспасөзінің қағидасына айналса, кәні? Көре тұра көрмедім, біле тұра білмедім деу - еліңді, болашағыңды алдау. Айналып келгенде Қазақияның ыстығына күйіп, суығына тоңу – азаматтық борышымыз. Сондықтан да, сынасақ «жақсы болсын» деп сынаймыз, жақсылығын айтсақ, жүрегімізден қуанғандығымыздан айтамыз. Ендеше, өз мемлекетін өлердей жақсы көретін азаматтарды билікке жау қылып көрсету кімге керек? – Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет.

Сілтеме: Серік ЖОЛДАСБАЙ "Жебе" газеті, 9 қаңтар 2014 жыл

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір