• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:34
+35°

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалуына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін" деп жазды Тоқаев Instagram парақшасына.

Бүгін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, Либерал-демократиялық партияның бұрынғы лидері Синдзо Абэге қастандық жасалған. Экс-шенеуніктің жағдайы ауыр.

Абэ Либерал-демократиялық партия атынан жоғарғы палатаға үміткерді қолдау іс-шарасына қатысып, жұрт алдында сөйлеп тұрған. Kyodo News тілшісі ер адам атпас бұрын Абэ сөйлеп тұрғанда жанына жақындап, үнсіз бақылап тұрғанын көрген.

Абэні кеуде тұсынан екі рет атқан. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол Тецуя Ямагами қаласының 41 жастағы тұрғыны екені, бұрын теңіз күштерінде қызмет еткенін хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір