• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 07:36:03
Алматы
+12°

Қаржы министрлігі "Бюджет кодексіне" өзгеріс енгізіп,  90-шы жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашуға берілген берешектерді кешіру мәселесін қарастырып жатыр. Яғни, 30 жылдан астам несиесін төлемей жүрген кәсіпорын иелері табылмаса, онда оның қарызы жойылады, деп хабарлады 31 арна.

Бұл өзгеріс заңды тұлғаларға ғана байланысты күшіне енбек. Мұндай несиелердің мөлшері қазір 120 миллиард теңгені құрайды. Биліктегілер кезінде жергілікті әкімдіктер мен үкімет қарыз берген несие иелерін табу оңай емес екенін айтflы. Себебі 90-шы жылдары көп кәсіпорындардың "бизнесті сәйкестендіру нөмірлері" жоқ болған. 

Қаржы министрлігі жыл сайын есеп бергенде бұл берешектердің статистикаға кедергі келтіретінін атап өткен. Сол себептен де заңға осындай өзгеріс енгізбекші. Енді "Бюджеттік кодексте" "Өндіріп алуға үмітсіз берешек" деген ұғым пайда болмақ. 

"Үкімет жыл сайын есеп берген кезде осындай таптағы адамдардың бершегі тізімде тұрады. Бұндай деректердің бізге не қажеті бар?" дейді Қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаменті директорының орынбасары Дархан Биниязов.

Оның айтуынша, қайтарылмаған бюджеттік кредиттердің иесін табу жұмысы әділет министрлігі мен азаматтарға арналған үкімет корпорациясымен бірігіп жүзеге асырылып жатыр. 

Алайда бұндай ұсынысқа экономистер қарсылық танытуда. 

"Өмірде түрлі жайттар болады. Әрине, несиені кешіру керек. Бірақ заңды тұлғалардың емес, жетім-жесірлер, көп балалы аналар мен ауылдағы жағдайы келмегендерге қарастырған жөн. Осы мәселе бойынша үлкен тексеріс жүргізу керек. Себебі қаржыны бюджет емес, банк беруі керек" деді экономист Бейсенбек Зиябеков.

Ол 90-шы жылдары билік халыққа зейнетақыны уақытында төлей алмай отырып, қомақты қаржыны несие ретінде берілгеніне таң қалатынын жеткізді. Осыған байланысты банктер мен қаржы саласындағылар үстінен тексеріс жүргізу керек екенін де қоса кетті. 

"Бюджеттік кодекске" енгізілетін өзгерістер қазір қоғам талқылауына шығарылған. Екі айдан кейін құжат мәжіліске ұсынылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір