• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:04:15
Алматы
+12°

Қазақстанда жоспарланып отырған мектептегі оқу жылын ұзарту оқушылардың жазғы демалысына әсер етпейді, балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, оқу жылын ұзартуды жақтайтын сарапшылар төртінші тоқсанды 20-25 маусымға дейін созып, оқу жылын 20 тамыздан бастауды ұсынған. Алайда министрлік құрған психолог, ата-аналар мен педагогтардан тұратын жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделей отырып ұсынысты мақұлдамай, балама ұсыныс енгізген. Ол бойынша оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. 1 маусымнан балалар каникулға шығады.

 

"Осылайша, каникулға шығу айырмашылығы 5 күнді ғана құрап, балалар жаз бойы демала алады. Осы ретте біз сапаны оқу күндерін көбейту есебінен ғана емес, оқу жүктемесін азайтып, оқу бағдарламасын жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру арқылы да жақсартатын боламыз. Жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі оқу жүктемесін азайту жоспарланып отыр. Ал оқу жылын ұзарту – сабақ азаятындықтан оқушыларға қосымша білім алуға көбірек уақыт арнауына мүмкіндік береді" деді Аймағамбетов өзінің блогына келіп түскен өтінішке берген жауабында.

 

Бұған дейін елдегі оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отырғаны хабарланған.  Министрлік оқу жылының ұзақтығын 1-сыныптар үшін 35, (қазір 33 апта), 2-11 (12)-сыныптар үшін 36 оқу аптасынан (қазір 34 апта) тұратындай етіп ұзартуды көздеп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір