• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:47:24
Алматы
+8°
Әскерде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады Астана арнасы.
 
Басылым мәліметінше, марқұммен әскерде борышын бірге өтеген сарбаз күдікті ретінде қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материал толығымен жиналды дейді құзырлы органдар.
 
"Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Қазіргі жағдайда тараптар істің құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікке әскерде бірге жүрген Аманжолов деген жауынгер ілінген. Қазір ол сот санкциясымен қамауда отыр. Ол істің материалдарымен танысуда" деді Бас әскери прокуратураның аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.
 
Бұған дейін, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың туыстары "қылмыс толық ашылмады" деп наразылық білдірген болатын. Артынша әскери прокуратура әскердегі жағдайды жіті назарға алғанын жеткізген.
 
Маңғыстаулық сарбаз 23 сәуірде Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында көз жұмған. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір