• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:01:17
+12°

Солтүстік Корея АҚШ-қа қарсы кез келген әскери қақтығысқа толықтай дайын. Бұл туралы Ким Чен Ын Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына арналған іс-шарада мәлімдеді, деп жазады EADaily.com сайты. 

– Тағы да қайталап айтамын, Солтүстік Корея АҚШ-пен болатын кез келген қақтығысқа дайын. Мұндай қауіпті әрекеттің соңы ауыр болады және Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл режимі мен оның әскерінің күйреуіне әкеледі. Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізге қарсы әскери шабуыл жасауды ойлап, әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы бейтараптандыруға немесе жойып тастай алатынына сенсе, тіптен қателеседі, – деді Ким Чен Ын. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір