29 Шілде, 2022 NEWS
Фото: tengrinews.kz
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштен Кәрім Мәсімовтің ісіне байланысты жауап алынды. Бұл туралы ҰҚК tengrinews.kz басылымына берген жауабында хабарлаған.
Самат Әбіш қамауға алынған бұрынғы басқарма басшыларының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша куәгер екенін хабарланды.
"175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес К.К.Мәсімовке, А.Т.Садықұловқа, Д.Е.Ерғожинге, М.С.Осиповқа және басқаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша С.С.Әбіштен куәгер ретінде жауап алынды. Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ", делінген ҰҚК хабарламасында.
Самат Әбіш қызметінен кеткені туралы бейресми ақпарат алғаш 5 қаңтарда шыққан. Сонымен қатар Самат Әбіш қамауға алынғаны туралы да әңгімелер тараған. Алайда ҰҚК ақпаратты терістеген. Самат Әбіш ҰҚК-дегі қызметінен кеткені туралы ресми ақпарат 17 қаңтарда шыққан.
Самат Әбіш экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Оның туған ағасы, кезінде ҰҚК істеген Қайрат Сатыбалды қазір тергеліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір