• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:26:54
+35°

Шығысқазақстандық балуан Дарын Әскербек Италияда америкалық Джастин Патрик Форресті жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Дарын Әскербектің Римде еркін күрестен өткен U17 бәсекесінде финалда мерейі үстем болды.

Спортшы әлем біріншілігінде 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Жартылай финалда Әскербек германиялық Яннис Ребхольцтан басым түсті. Оған дейін Хусанбой Усмановты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңді.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Финалда балуан америкалық Джексон Патрик Форрестпен кездесіп, оны айқын басымдықпен ұтты.

Қазақстан қанжығасына еркін күрестен соңғы рет алтын медаль 2013 жылы түскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір