01 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: exk.kz
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 тамызда өтеді, деп хабарлады Атырау облысы сотының баспасөз қызметі.
"Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді" деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.
Бақытгүл Хаменова өткен жылдың желтоқсанында Атырауда Абай ескеркішін орнататын компаниядан 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір