• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:07:51
Алматы
+12°
 
Балалар-біздің болашағымыз. Өкінішке орай, қиын өмірлік жағдайға тап болған, ата-анасыз өсіп, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар бар. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі әрқашан балаларды қолдауға және оларға көмектесуге тырысады.
 
Жақында ғана түрік этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі Алматы облыстық № 1 балалар үйінің бес қызына көмектесті. Түлектерге киім, аяқ киім, сөмкелер және т.б. сатып алынды.
 
Аналар кеңесінің мүшелері қыздармен  әңгімелесіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Белгілі болғандай, бұл түлектердің арасында джиу-джитсудан әлем чемпионы Анна Водолазова болды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, ең бастысы, қыздар шығарылым алдында көптеген жағымды эмоциялар алды.
 
"Біз бұл қыздардың үлкен және жарқын болашағы болады деп үміттенеміз және сенеміз, өйткені олар өздерінің жетістіктерін көрсетеді. Біз, өз кезегімізде, оларды барлық жағынан қолдауға әрқашан дайынбыз!» дейді Аналар кеңесінің өкілдері.

Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аналар кеңесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір