03 Тамыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір атамекенге көшіп келген қандастарды қабылдау жағынан Қостанай облысы көш бастап тұр екен.
Атап айтқанда, биыл жыл басынан бері 1 147 қандастар отбасы осы өңірге қоныс аударған.
Ал «Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниет білдірген азаматтардың саны 3 800-ден асып отыр. Олардың 500-ден астамы – сырттан келген қандастар, – делінген хабарламада.
Жалпы, бүгінде көшіп келушілерді тұрақты жұмысқа тарту көрсеткіші артып, 65 пайыздан 81 пайызға жеткен.
Дереккөз: halyq-uni.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір