• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:39:16
+12°

Қазақстанда екінші атом электр станциясы Ертіс өзенінің бойында салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. 

– Қазақстандағы екінші атом электр стансасы Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстан көміртегі бейтараптығын таңдайтын болса бірнеше атом электр станциясын салуы керек. Басқа жол жоқ. Ал Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң, – деді Нұрмағанбетов.

Министр бұл мәселеге қатысты талқылау жүріп жатқанын айтты.

Елдегі алғашқы атом электр стансасы Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында орналасатыны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір