• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:49:35
Алматы
+12°
 
 

Ақтауда 26 жастағы полиция қызметкерінің қазасына байланысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады InAktau.kz порталы.

3 тамыз күні сағат 3.50-де кезекші полицейге пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілгені, алайда есін жимастан қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен.

"Қайтыс болған адам еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері болып шықты. Жедел-іздеу шараларының барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды" делінген Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарламасында.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғй тізіліміне қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркеліп, сот-медицина сараптамасы тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Полицей өлімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір