05 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: BBC
5 тамызда Қытайдың 5 баллистикалық зымыраны Жапонияның ерекше экономикалық аймағына құлаған, деп хабарлады Интерфакс. Бұған қатысты Жапония наразылық білдіріп жатыр.
– Бұл – еліміздің және адамдардың ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды мәселе, – деді Жапонияның қорғаныс министрі Нобуо Киси.
Кеше Жапонияның Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Тайвань бұғазында өтіп жатқан Қытай әскери жаттығуларына байланысты алаңдаушылық білдіргіп, Қытайдан Тайвань маңындағы оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап еткен.
Ал бүгінгі жағдайға байланысты жапон үкіметі Қытай билігіне дипломатиялық арыз түсірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір