Фото: Наш Костанай порталы
Қостанайда жүздеген адам жоғалып кеткен 5 жастағы қызды бір тәуліктен бері іздеп жатыр.
Наш Костанай порталының жазуынша, іздеу жұмыстарына полицияның 500-ден астам қызметкері, төтенше жағдай қызметінің мамандары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
7 тамыз күні таңғы бестер шамасында Жамбыл ауылында 5 жасар Мадина Ерланқызы жоғалып кеткен. Ықтималды нұсқа бойынша, бүлдіршін терезеден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Үстінде іш киімнен басқа ештеңе болмаған. Мадина аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды.
Қазіргі уақытта елдімекендегі аулалар, жол жиегі, шаруа қожалықтарының маңы, сай-салалар, Тобыл өзіні тексеріліп жатыр.
Бүлдіршінді кеше 9 шамасында көрген куәгерлер табылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір