• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 16:47:02
Алматы
+12°

Саясаттанушы, Намыс бастамашыл тобының жетекшісі Санжар Боқаев квазимемлекеттік секторға қарайтын ұлттық компаниялар басқарма төрағасы мен директорлар кеңесі мүшелеріне ай сайын бонус түрінде қыруар қаржы беріп отырғанын мәлім етті.

Мәселен, Қазақтелеком 2021 жылы басқарманың бір мүшесіне ай сайын 4 миллион 633 мың теңге беріп отырған.

ҚазМұнайГаз компаниясы 2020 жылы ай сайын директорлар кеңесінің мүшесіне 4 миллион 868 мың теңге төлеген.

ҚазАтомПром директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне 2021 жылы 1 миллиард теңгеден астам ақша төлеген. Сонда 1 адам ай сайын 7 миллион теңгеге жуық ақша алып болып тұр.

Қазақстан темір жолы ай сайын ДК мүшесіне 4 миллион теңгеге жуық төлейді.

Санжар Боқаев директорлар кеңесінің мүшесі штаттық қызметкер еместігін, айына бір-екі рет келіп-кететін тәуелсіз бақылаушы екенін атап өтті.

Оның айтуынша, компания қызметі қаншалықты тиімсіз болса, бонусты соншалықты көп төлейтінін анықтаған.Айталық Қазына Капитал Менеджмет ұлттық компаниясының табысы 13 есе түсіп кеткеніне қарамастан, бонус көлемі 36 пайызға артқанына таң. 

Ол тиімсіз ұлттық компаниялар өзі мен директорлар кеңесі мүшелеріне мұндай жоғары бонус тағайындамауы керек деп санайды. 

Боқаев квазимемлекеттік сектордағы қаражат бюджеттен бөлініп отырғандықтан, оны бақылау керектігін жемқорлыққа қарсы қызмет қаперіне сала отырып, үкімет квазимемлекеттік сектордың тиімділігін жіті бақылап отыруы керектігін айтты. Олай болмаған жағдайда басқарма мен директорлар кеңесінде кім отырғанын қазбалай бастайтынын жеткізді.  Қазбалау барысында ол жерлерде елдегі аса лауазымды тұлғаларға жақын адамдар отырғаны анықталатынына сенімді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Санжар Боқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір