• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:15:50
+12°

Қазгидромет жаздық бидай мен күнбағыстың өнімділігіне байланысты агрометеорологиялық болжамды жариялады.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, есептік деректерге сәйкес және қалыптасқан, күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескергенде республиканың солтүстік жартысында жаздық бидайдың өнімділігі көбінесе орташа көп жылдық мәнге жуық, ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде орташа көп жылдық мәннен жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында, Қостанай облысының Қамысты ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Алтай аудандарында бидайдың өнімділігі нормадан жоғары деп болжанып отыр.

Ал күнбағыстың өнімділігі Қостанай және Павлодар облыстарында орташа көп жылдық мәнге жуық, ал Шығыс Қазақстан облысында орташа көп жылдық мәннен жоғары болады деп күтіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаздық бидай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір