• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:42:25
Алматы
Қазақстанда "синтетикалық есірткілерге" тәуелді адамдар санының өскені байқалады. Соңғы бес жылда бұл контингент балалар мен ересектер арасында 14 есе өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің жиналысында мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, психикалық белсенді заттарды пайдалану салдарынан "Психикалық мінез-құлықтың бұзылуы" (ПМБ) диагнозымен 107 898 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 6245-і – 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар. Олардың  ішінде 46%-ы (2888) есірткі және психотроптық заттарды тұтыну салдарынан есепке алынған.

А.Ғиният негізінен 13-18 жас аралығындағы топқа психикаға белсенді әсер ететін заңсыз заттар оңай  қолжетімді екенін, оған жастардың құмарлығы барған сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Егер  аталмыш жас тобын халық санына қарай қайта есептегенде, 2021 жылы 18-ден 34 жасқа дейінгі 162 мыңнан астам адам жоғары тәуекел аймағында болды және  27 мың адам жаңа психикалық белсенді затқа тәуелді болды деп болжауға болады.

Ажар Ғиниятқызының айтуынша, нашақорлықпен күресте алдын алу шараларының тиімділігін және емдеу шараларының нәтижелілігін арттыру үшін түрлі қызметтерді (білім беру, әлеуметтік қызмет, құқық қорғау органдары т.б.), мемлекеттік органдар мен қоғамды араластыру керек. Ол білім беру жүйесіне оқушылардың арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуды ерте анықтауға бағытталған психологиялық тестілеу енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір