• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:05:25
Алматы
+12°

Бүгін  Мәжіліс депутаты Самат Мусабаев «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өңірдегі құрылысшылар мен жобалаушы ұйым өкілдерімен, мемлекеттік және жеке сараптама қызметін көрсететін ұжым өкілдерімен кездесті.

Жиында құрылыс саласының мамандары жобалық, сметалық құжаттың  дұрыс жасалмайтынын айтып, әр тарап өздерінің уәждерін жеткізіп, құрылыс саласындағы кемшіліктерді талқыға салды.

Компания басшылары құрылыс материалдарының қымбаттағанын, соның салдарынан құрылыс жұмыстарының кешігіп жатқанын, сондай-ақ оны жалғастыру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлінсе деген ұсыныстарын айтты.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

«Басты мәселе жобалық, сметалық құжаттың дұрыс жасалмауы. Бұған кім кінәлі: құрылысшы ма, жобалаушы ұйым ба, әлде сараптау ұйымы ма? Жиында осы мәселе ұзақ талқыланды. Бұдан кейінгі үлкен мәселе – құрылыс материалдарының қымбаттауы. Бүгінгі таңда осы қымбатшылық әсерінен тоқтап қалған құрылыстарды жүргізу үшін бюджетті қайта қарау керек», – деді Самат Мұсабаев.

Депутат алдағы уақытта аталған мәселелерді бақылауына алатын жеткізді.

Сонымен қатар бүгін Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Ұлытау облысының  Жезқазған қаласындағы киім және тұрмыстық және техникалық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін «Ютария» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Жезқазған қаласындағы цехта бүгінгі таңда 300-ден аса қызметкерлер үш ауысымда еңбек етеді. Тігіннен бөлек, бұл мекеменің қала бойынша бірнеше сауда орталықтары бар. Оның бірі Жезқазған және Сәтбаев қалаларының ортасында орналасқан гипермаркет екі қаланың тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Жиында депутат ұжым қызметкерлерінің жалақыға қатысты талап-тілектерін тыңдап, өндірістік салада еңбек етіп жүрген азаматтардың мәселелерін алдағы уақытта көтеретінін жеткізді.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір