• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:11:59
Алматы
+12°

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше ондаған жұмыссыз жастар қалалық әкімшілік ғимараты алдына жиналып, президентке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлады Lada.kz порталы.

Жиналғандар биылғы ақпандағы жұмыссыздар шеруінен кейін Жаңаөзен әкімшілігі 160 адамды Ақтауда мұнайшы мамандығы бойынша оқытып, "Өзенмұнайгаз" компаниясына жұмысқа тұрғызуға, 270-350 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге уәде еткенін айтады. Алайда бүгінге дейін уәде етілген жұмыс та, жалақы да жоқ.

Ұсынылған мекемедегі жұмыс оқытылған мамандыққа да, азаматтар талабына да сәйкес келмейді. Сондықтан жастар "Өзенмұнайгазға" қарасты компаниялардың біріне мамандық бойынша жұмысқа тұруларына ықпал етуді сұрайды.

Видеоүндеу президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақовке, "Өзенмұнайгаз" компаниясының бас директоры Мақсат Ибағаровқа арналған.


 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір