Сырымбек Тау, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай
Бірнеше кәсіпкер Respublica деген атпен саяси партия құратынын жариялады.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликте кәсіпкер, Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы, Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тау, ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесмен, "Оlzha Agro" компаниясының директоры Айдарбек Ходжаназаров, журналист, медиакәсіпкер Бейбіт Әлібеков, Учёт компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев, "АгромашХолдинг KZ" АҚ-ның президенті, "Қостанай трактор зауыты" ЖШС-нің директоры Динара Шукижанова, коуч, бизнес-тренер Қуаныш Шонбай идеялары туралы айтады.
"Ассалаумағалейкум Ардақты ағайын! Біз көп ойлана келе “Respublica” атты партия құруға шешім қабылдадық. Қазақта жақсы сөз бар: әуелі өзіңді түзе артынан төріңді түзе бірлікпен еліңді түзе деген. Осындай, қиын-қыстау кезеңде елге еңбек етуге бел будық. Сондықтан, "Respublica" атты партияны құрып, ары қарай жастарымызбен бірге дамимыз, деген ойдамыз. Сондықтан болашақ партияны "Respublica" партиясы деп атауды ұйғардық. Латын тілінен аударғанда ол "ортақ іс" деген мағынаны білдіреді. Сіздерде бізді қолдайды деген ойдамыз. Елімізді көркейту барлығымыздың "ОРТАҚ ІСІМІЗ!" дейді сырымбек Тау желідегі жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір