• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:36:56
Алматы
+12°

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай ойынша Қазақстан халқының саны 19 644 067 адамға жеткенін хабарлады.

Бюро мәліметінше, 2021 жылғы санаққа 19 186 015 адам қатысқан. Осылайша, 2009 жылғы халық санағынан бері ел халқы 20%-ға немесе 3,2 млн адамға өскен. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ағыны ықпал етті.

Санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 61,2%-ға дейін өсті, алдыңғы санақ мәліметтерімен салыстырғанда өсім 5%-ды құрады. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайды. Қала тұрғындарының басым бөлігі Қарағанды облысында тұрады – тұрғындардың 80%-ы, яғни 1 млн-нан астам адам. Керісінше, қалалықтар саны ең аз аймақ – Түркістан облысы. Мұнда барлығы 498 мың адам немесе облыс тұрғындарының 24,3%-ы қалалық жерде тұрады.

Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда 619 мың адам тұрып жатқан, 2021 жылғы санақ кезінде еліміздің бас қаласындағы халық саны 1,23 млн адамды құрады.

Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Осылайша, Қазақстандағы 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір