• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 06:39:51
Алматы
+8°

Фото: Елдос Тоқтарбайдың Facebook парақшасынан

 
Бүгін (5 қыркүйек) ұлт ұстазы, мемлекет және қоғам қайраткері, реформатор, сан қырлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күні (1872-1937). Осы бізге ұстаздың аруағы разы ма екен деген ой кешеден бері мазалады. Өзімді-өзім мүжідім. Өткен 30 жылғы тарихымызға көз салып, шолу жасадым:
 
Тіліміздің мүшкіл халі, әліпби мәселесі, жер мәселесі, салт-дәстүр, дін мен мәдениет, руханият, шет елдерге бейберекет сатылған халық қазынасы, жемқорлық жайлаған қоғам, думаншыл халық, ұлт емес тобыр деңгейіне түскен можантопайлығымыз т.с.с. бәрінің жағдайы қиын. Сонда кешегі Ахаң бастаған арыстар тобы не үшін, кім үшін күресті? Неге атылды? Неге ұрпақсыз қалды?
 
Қазақ билігі Ахмет Байтұрсынұлын тек ғалым, ұстаз, ағартушы деп қана таниды (!). Ал өз басым бұл тұлғаны МЕМЛЕКЕТ және ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, қазіргі Қазақстан Республикасының НЕГІЗІН САЛУШЫ КҮРЕСКЕР деп танимын. Ол — БІРТУАР! Ол — ФЕНОМЕН! Ол — ПАССИОНАР ТҰЛҒА!
 
Әлихан, Ахмет аталарымызды КӨСЕМ деп айтуға мемлекеттік телеарналар ҚАРСЫ! Бұл қалай?! Алаш көсемдеріне САЯСИ тұрғыда БАҒА берілмеді. Назарбаев билігі ешқашан МОЙЫНДАМАДЫ!
 
Мінезіміз неге өзгерді? Жалтақ, жағымпаз, жарымсақ қазақ неге рушыл, неге жікшіл?! Сұрақ көп. Әркім жауабын өзі берсін. Ұстаз алдында, шаһид кеткен ерлердің алдында мен де КІНӘЛІМІН!
 
Ұлт ұстазын, Алаш айбарын сағынышпен, құрметпен еске аламын. Рухына Фатиха! Кешір бізді, кеше гөр, Дегдарым!
 
Елдос Тоқтарбай
Алаштанушы-ғалым
Facebook парақшасынан
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір