06 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: azattyq-ruhy.kz
Қостанайдағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметінше, қазір жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әрбір елдімекенді (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумағында) қарауылдау ұйымдастырылған.
2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртеніп, жалын облыстың өзге аудандарын шарпыған. Қазіргі уақытта 5 аймақта өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттен 10 адам ауыр және жеңіл жарақат алып, 1 адам қаза тапқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір