06 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Әлеуметтік желіден
Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретіне байланысты пікір білдірді, деп жазады nur.kz порталы.
Асқар Мамин фотоның шын екенін және ол Нұр-Сұлтанда түсірілгенін айтады.
"Расында, өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарым ұйымдастырған қазақтың салт-дәстүріне сай ("Сырға салу") шара өтті. Сурет туралы кейбір БАҚ-та айтылған болжамдарды орынсыз және арандату деп санаймын. Еліміз қазір дамудың, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұр. Осыған орай, осындай шешуші кезеңде мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, арандатушылар мен деструктив мақсаттағы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін" деген Мамин.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір