07 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: azattyq-ruhy.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаева мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ порталы.
– Әрине, ол (Дариға Назарбаева президент сайлауына – ред) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады, – деді Шавкат Өтемісов.
Алайда бұған дейін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатыса алмайтынын айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір